Сорбонна-Қазақстан институтының директоры ел Президенті жаңа Жолдауын жариялаған Қазақстан Республикасы Парламентінің отырысына қатысты
2022 жылғы 16-наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын арнады. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы саяси реформалар бағдарламасын және жақын болашақта жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыруға арналған. Іс-шараға Парламент депутаттары, ҚР ПА өкілдері, Үкімет мүшелері және басқа да ресми тұлғалар, ЖОО ректорлары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры профессор А.А.Сәбитова қатысты. Ол - ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi Комиссиясының мүшесі және «Акселератор добра: Izgilik Elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі.