Main /
Mass media about us
18.03.2022 Жаңа Қазақстанды құру үшін әр адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс
Президент жылдың басты құжатында қасіретті қаңтар оқиғасындағы мәселелерге жан-жақты тоқталып, ел дамуында саяси жаңғыру болуы керектігін айтты. «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру - менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл - анық нәрсе», - деді ол.
Мемлекет басшысы елімізді дамыту жолында барлық салаларды жүйелі жаңғыртып, жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, ашық, халыққа құлақ асатын мемлекетке айналуымыз қажеттігін ерекше атап өтті. Саяси маңызды құжатта ол: Президент өкілеттілігін қайта қарауды, оның партия басшылығында болмауын заңмен бекітуді; Президенттің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілер болып және квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарға тағайындалуына тыйым салуды; Парламенттік басқару жүйесін күшейтуді.
Сайлау жүйесін жетілдіруді; Мажоритарлық жүйе негізінде халық арасынан шыққан азаматтардың сайлауға қатысуына мүмкіндік беруді (70% параламенттік, 30% мажоритарлық негізде); Орталық сайлау комиссиясы, Конституциялық кеңес мүшелері, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия мүшелігіне сайланбауын; сайлауалды бағдарламасында берілген уәдесін орындамаған депутаттарды уәкілеттігінен босатуды; құқықтық мемлекет құру мақсатында Конституциялық сот құруды.
Адам құқығын қорғау бойынша заң үстемдігін қамтамасыз етуді; БАҚ бәсекелестігін арттыру мақсатында ашық ақпараттық кеңістікті құруды, медиа саланы дамытуды; Азаматтық белсенділік пен азаматтық қоғамды дамытуды; Халық пен билікті жақындату мақсатында Ұлттық құрылтай құруды; Өңірлерді дамыту мақсатында Семей аймағында Абай облысын құруды; Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды.
Алматы облысын екіге бөліп, Алматы және Жетісу облыстары деп құруды; Алматы облысының орталығын Қапшағайға көшіріп, Қапшағайға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру беруді; Агроөнеркәсіпті дамытуды; Геосаяси жағдайда шекарамызды бекемдеп, радикализім мен тәуелділікке жол бермеуді; Қаржылық-экономикалық саланы күшейтуді, түрлі алып-сатарлыққа жол бермеуді ұсынды.
Сөзін қорытындылай келе, Президент Жаңа Қазақстанды құру үшін әр адам өзгерісті өзінен бастап, өткеннен тағылым алып, келешекке кемелдеуі қажетітігін атап өтті.
Авторы: Жанатбек Ішпекбаев, 18.03.2022 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz |