қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
18.03.2022

Алматы студенттері тарихты білуге және патриот болуға шақырды

 



Қалада «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бiрлiкте» фестивалі өтті

 

«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бiрлiкте» фестивалінде Алматы студенттері тарихты білуге және патриот болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

Жастар фестивалінің қатысушысы ҚазҰПУ студенті Нұрбол Хадыров - Алматының тумасы. Ол өзінің болашағын Қазақстанмен байланыстырады. Бұл жігіт тарихты зерттейді.

 

Студент қазақстандықтар тарихты білуі және Отанымыздың патриоты болуы тиіс деп есептейді. Бұл жаңа Қазақстанды құру үшін өте маңызды.

 

«Бүгінгі фестивальде студенттер өте көп, біз басқа университеттермен танысамыз. Жұлдыздардың өнерін көрдік, құрметті адамдардың қатысуымен керемет бағдарлама болды. Бүгін маған маңызды миссия - Қазақстанның Туын ұстап тұру тапсырылды, мен оны мақтан тұтамын», - деді студент.

 

Фестиваль өткен «Алматы Арена» залына барлығы 15 мыңнан астам студент жиналды.

 

 

18.03.2022 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv