Main
News
25.03.2022 «Абайдың асыл мұрасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды
2022 жылдың 15 ақпаны мен 15 наурызы аралығында мемлекеттік «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, ойшылдықтың заңғар биігі Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы ұлағатты өсиеттерін, тұлғалық қасиетке тәрбиелейтін туындыларын Абай мұраларымен кеңінен насихаттау үшін, 1-4 курс білім алушы студенттер мен магистранттарға арналған дәстүрлі «Абайдың асыл мұрасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсының жеңімпаздарын 24 наурызда онлайн және офлайн форматта салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Конкурс Ережесіне сәйкес, Абай өлеңдерін көркемдік мәнерде оқыған шығармашылық өнімдердің бейне жұмыстарын 15 наурызға дейін Филология және көптілді білім беру институтының маманданған қазылар алқасы қарайтын ақтық кезеңге өту үшін, электронды түрде ұйымдастырушылардың поштасына 45 жұмыс келіп түсті.
Салтанатты шараға университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, абайтанушы ғалым Жабал Шойынбет, Филология және көптілді білім беру институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Алмас Найманбай, PHD докторант Ш.Құттыбаев, Рухани жаңғыру Жобалық кеңсе жетекшісі Мақсат Жақауов қатысты.
Шыңғыс Нұрланов өз сөзінде жобаның маңыздылығы ойшыл және ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын білу, оның шығармаларының идеялық сипаты студенттер мен магистранттар тарапынан қызу реакция тудырғанында екенін атап өтті. Сонымен бірге, осы күндері университет басшылығы білім алушылардың тәлім-тәрбиелік сипаттағы жобалардың көптеп ұйымдастырылып жатқанына ерекше көңіл бөліп, Абай мұраларының өскелең ұрпаққа кеңінен насихатталуына күш-жігерін салып жатырғанын жеткізді. Сөз соңына проректор аталмыш конкурсқа қатысушыларға ректорат атынан алғысын білдірді.
Бұл видеоконкурста 45-ке жуық қатысушының (4 магистрант және 41 бакалавр) жұмыстары ұсынылған.
Конкурс нәтижесінде 3-ші орынды Математика, физика және информатика институтының 2 курс орыс бөлімінің студенті Аброржан Тұрсынов иеленді. Ал 2-ші орында Тарих және құқық институтының «Тарих-дінтану» мамандығының 3 курс студенті Сатенова Аружан орнықты.
Сонымен қатар, конкурс Ережесі бойынша «Үздік талпыныс» номинациясымен Математика, физика және информатика институтының магистранты Ерасыл Ердеш және Өнер, мәдениет және спорт институтының 3 курс студенті Арман Туашев танылды.
Барлық жеңімпаздар университет ректорының арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Конкурстың ең үздік жұмыстары арнайы бейнероликке топтастырылып әлеуметтік желілер мен университет сайтына таралып жарияланатын болады.
|