қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.03.2022

Ғабит Мүсірепов театрымен ынтымақтастық келісім-шарты жасалды

 

2022 жылдың 25 наурызында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын қолдау аясында «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қоғамдық мәдени қарым-қатынас туралы орнату туралы Ынтымақтастық келісім-шартына қол қою рәсімі өтті.

 

Өзара ынтымақтастық мүдде және қоғамдық мәдениет салалары бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театры директоры Талгат Есеналиев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов қол қойылған Меморандум, келесідей мүмкіндіктерге жол ашады.

 

«Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында, жастардың рухани дүниетанымын дамыту мақсатында Университет пен Ғ.Мүсірепов театры арасында мәдени қарым-қатынасты орнатады. Университет білім алушыларын театр өмірінен отандық және әлем өнерінің үздік туындыларымен, биік шығармашылық мәдени талғамдарды қалыптастыруға бағыттап, өзара тиімді келісімдерді жүзеге асырады.

 

Сонымен бірге, келісімнің арқасында білім алушыларға бірлескен жобалар мен бағдарламаларды, қоғамдық маңызды мәдени іс-шараларды, оның ішінде сахналық қойылымдарды, шеберлік семинарлар мен тренингтерді, фестиваль-форумдарды, көрмелерді, конкурстарды, кездесулерді өткізуге ықпал етеді.

 

Келісімнің арқасында, жастардың Алматының мәдениеті мен рухани өміріне мазмұнды түрде араласуға, әсіресе ауылдық шалғай аймақтардан келген жастардың азаматтық дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты дамуына тәрбиелеуге кең мүмкіндік береді.

 

Кездесуде қатысушылар мәдени ынтымақтастық қарым-қатынастарын жандандырудан бөлек, Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, сол бағытты күшейтуге серпін беретін ортақ жобаларды дамыта беруге уағдаласты.

 

Университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов, Ынтымақтастық келісім-шартын жасауға қолдау білдірген Ғабит Мүсірепов театрының басшылығына ерекше алғысын айтып, өзара әрекеттестік қызметтердің нәтижелі болуына зор сенімділігін білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі