Абай университетінде «Акселератор добра»/ «Ізгілік елшісі» жобасының тұсауы кесіледі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп «Акселератор добра»/ «Ізгілік елшісі» жобасы жүзеге асырылмақ.
«Ізгілік елшісі» - бұл студенттер қатарынан еріктілер тобы кіретін жоба. Бұл азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, жастарды еріктілікке тартуға көмектеседі.
Жобаның мақсаты - қоғамдағы тұтастық принциптерін қалыптастыру.
Міндеттері - адамгершілік пен жанашырлықты дамыту, сыйластыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Жобаның тұсаукесері 2019 жылдың 7 қазанында сағат 15.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтында (Алматы қ. Қазыбек би, 28 көшесі) өтеді.
Тұсаукесер рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдері қатысады.
Байланыс телефондары: 8 (727) 291-59-66, 8-701-779-88-70.