Main
News
07.04.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы мен Қазан федералдық университетінің делегациясымен кездесуі өтті
2022 жылдың 6 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қабырғасында Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов және стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева бастаған университет басшылығы Қазан федералдық университетінің делегациясы - Қазан федералдық университетінің білім беру қызметі жөніндегі проректоры Тимирхан Әлішев пен Қазан федералдық университеті ректорының Орта Азия бойынша кеңесшісі Рашит Азимовпен кездесті.
Кездесу барысында университеттер туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ екі университеттің бірлескен жұмысын бастау мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу соңында университеттер арасында бірлескен қызметті бастайтын бағыттар келісілді. Сондай-ақ ынтымақтастықтың 3 бағыты таңдалды: аутистік спектрдің аурулары бар балалармен жұмыс істеу үшін логопед-мұғалімдерді даярлау бойынша Дефектология бағыты бойынша бірлескен жоба құру жоспарлануда; функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын құру; бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары.
Қазан федералды университеті 2018 жылдан бастап біздің негізгі серіктес университетіміз болып табылады.
|