Main
News
13.04.2022 «Өз елім менің-өзегім менің» виртуалды викторина
2022 жылдың 12 сәуір күні университет қабырғасында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен университет бойынша педагогикалық цикл пәндері бөлімі, «VirtualLab» болашақ мұғалімнің шығармашылық зертханасының ұйымдастыруымен «STUDENTS SPRING» студенттік көктем фестивалінің алғашқы іс-шарасы: «Өз елім менің-өзегім менің» виртуалды викторинасы 1 курстар арасында өтті.
Викторина онлайн форматта «Kahoot» платформасы арқылы жүргізілді. Сайысқа 80 студент белсенді түрде қатысты. Ең үздік студенттер жүлделі орындарға ие болды. I орын - Ғалымкызы Баглан, II орын - Берікқызы Камшат, III орын - Айдарбек Бекжан атты Математика, физика және информатика институтының студенттері жүлделі орындардың иегері атанды.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент |