қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.04.2022

«Ынталы және дарынды оқушыларды қолдау мен дамыту жұмысын ұйымдастыру» семинары

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым Онкүндігінің аясында 2022 жылдың 13 сәуірінде «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасымен Іле ауданының Боралдай кентіндегі № 39 гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ынталы және дарынды оқушыларды қолдау мен дамыту жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары мен мұғалімдерге арналған семинар өткізілді.


Семинарды мектеп директоры Г.Н. Какенова ашып, оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы мәліметтермен таныстырып, ғылымның маңыздылығына тоқталды.


Семинардың мақсатына сай, яғни дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың басымдықтарын анықтау жайлы және дарынды оқушыларды анықтау мен қолдаудың біріңғай жүйесін әзірлеуді талқыланып, «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының жетекшісі Ниетбаева Г.Б. шеберлік сыныбын, «7M03116 - Психология» мамандығының магистранттары оқушылармен психологиялық диагностика жұмыстарын және тренинг жаттығуларын жүргізді.