қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.04.2022

Шетелдік университеттердің қатысуымен өткен «Цифрлық студент» халықаралық жоба-конкурсы

 

2022 жылғы 12 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х.Абдрахманова, оқытушы Н.Х.Коспағанбетованың ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ, Гиресун университеті (Түркия), Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Әзірбайжан) студенттері арасында «DİGİTAL STUDENT» халықаралық жоба-конкурсы өтті.

 

Іс-шараға Гиресун университетінің доценті, доктор Веди Ашкароғлу, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің PhD Мехтизаде Гюльшен, PhD Айтен Ибрахимова және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Іс-шара шетелдік қонақтардың құттықтау сөзімен басталды. Конкурсқа «DIGITAL STUDENT» тақырыбында әр мамандықтан құралған топтар ағылшын тілінде жоба қорғады. Конкурсқа Гиресун университетінен 2 топ, Әжірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінен 1 топ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 3 топ қатысты. Студенттердің жоба жұмыстарын арнайы құралған әділқазылар бағалады. Жеңімпаздар тілді меңгеруі, жобаның дайындалуы, өзектілігіне қарай анықталды. Конкурс онлайн өткізілді. Студенттердің дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Онлайн білім алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдай отырып, өз білімдерін ортаға салды. Конкурс нәтижесінде, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ағылшын тілі мұғалімі» бөлімінің 2 курс студенттері 1 орынға, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «6В0170900-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығының 1 курс студенттері 2 орынға, Гиресун университетінің «Ағылшын тілі мен әдебиеті» бөлімінің 3 курс студенттері 3 орынға ие болды. Іс-шара соңында әділқазы төрағасы Веди Ашкароғлу ұйымдастырушылар мен студенттерге алғыс айта отырып, осындай конкурстың аясын кеңейтіп, үлкен симпозиумға жалғастыруға ұсыныс білдірді.