Main
News
16.04.2022 Университет басшылары ҰБТ өткізу ережелері туралы айтты
2022 жылғы 15 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов Town Hall форматында университет студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты - Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) өткізу ережелері мен шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов және Департамент директорлары қатысты.
Дархан Біләлов бұл процедураның болашақ педагогтар үшін маңыздылығын атап өтті. «Біз болашақ педагогтарды даярлаймыз, біз үшін білім берудің табысты сапасы маңызды. Сондықтан әрбір түлек ҰБТ-ға жауапкершілікпен қарауы керек. Университетіміздің профессорлары мен оқытушылары сіздерге білім берді, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Ұлттық біліктілік тестіне дайындалу үшін барлық ресурстарды пайдалану керек. Оның өтуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған», - деді ректор.
Білім сапасын арттыру педагогтардың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты екені, әрбір білім беру ұйымының нәтижелі жұмысының негізі екені баса айтылды. Сондықтан болашақ мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау құралы ретінде бұл тестілеудің маңызы зор.
Мактағали Бектемесов педагогикалық кадрларды даярлау сапасын күшейтуге бағытталған ҰБТ тапсыру ережелері мен шарттары туралы, бітіруші курс студенттері арасында жаңашылдықтың қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылданатын болады, деп атап өтті.
Абай университетінің Тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу мақсатында бітіруші курс білім алушыларының сынақ тестілеуін іске қосты. Олардың әрқайсысы ыңғайлы уақытта, кез келген жерде, кез келген құрылғыдан арнайы пән мен педагогика, оқыту әдістемесі бойынша сынақ тестілеуден өте алады. Университет кітапханасы Ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалу үшін оқу-әдістемелік кешендермен (оқу пәндері, педагогика, оқыту әдістемесі) жабдықталған.
Студенттермен бейресми кездесу өте белсенді өтті: оқу үдерісі, емтихандарды тапсыру форматы, грантқа өту және т.б. сұрақтар қойылды.
Қоғаммен байланыс департаменті |