қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
18.04.2022

«CHEMICAL OSCAR» мерекелік кеш


2022 жылғы 14 сәуірде Ғылым онкүндігінің жоспарына сәйкес Жаратылыстану және география институты «Химия» ББ тобының «6В01510-Химия» мамандығында оқитын 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «CHEMICAL OSCAR» мерекелік кеші өтті. Ұйымдастырушы - «Химия» ББ тобының аға оқытушысы Жанар Жақсибаева. Қатысушылар - институт басшылығы, студенттік директораттың белсенді мүшелері, профессор-оқытушылар, студенттер мен магистранттар.

Іс-шараның мақсаты - профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға жақсы көңіл-күй қалыптастыру, ойын форматында Химия әлеміне ену және таңғажайып өзгерістер, ғылым құпиялары мен олардың даму перспективаларын көрсету.

Мерекелік кеш «Оскар» стилінде безендіріліп, сахнаға декорациялар қойылды. Бәріне алдын-ала ресми дресс-код айтылды. Кеш қонақтары Голивуд жұлдыздары сияқты қызыл кілемнің үстінен жүрді. Жан-жақта камера, папарацциялар болды, кеш қонақтарынан сұхбат алынды.

Екі жүргізуші ортаға шығып салтанатты кешті ашық деп жариялады. Голивуд стилінде жүргізушілер кеш қонақтарын ду қол шапалақпен сахна төріне шақырып, әртүрлі номинациялармен марапаттады. Институт директоры Күләш Каймулдиноваға «Ең мықты көшбасшы» деген номинация берілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов «Самый топовый организатор», «Химия» ББ тобының жетекшісі Жазира Мұқатаева «Железная леди», кафедра профессорлары Әзімхан Сейтжанов «Мистер справедливость» және Жеңіс Шоқыбаев «Мистер мудрость» номинацияларымен марапатталды.

«CHEMICAL OSCAR» кешінде 3 курс студенттері Талипов Ержігіт, Пернебекова Ақшолпан, Калмуратова Балжан «Жанбайтын орамал», «Пробиркадағы найзағай», «Көбік жарылысы» және «Отты көбік» түрлі химиялық эксперименттер көрсетті.

Көрермендермен «Көңілді әріптер», «Химиялық формулалар биі», «Блиц-опрос» және «Номинация» қызықты ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.
Кеш соңында студенттер арнайы дайындаған флешмоб билеп, көрермендерге естен кетпес қуаныш сыйлады.