Main
News
21.04.2022 Педагогикалық мамандыққа кіріспе 2022 жылдың 20 сәуірінде Педагогика және психология институтының аға оқытушы Жанкушков Бауыржан «6В01304 - Бастауыш білім беру көптілділікпен» бағдарламасының 1 курс студенттерін «Педагогикалық қызметке кіріспе» оқу практикасымен, болашақ кәсіби жұмысының ерекшеліктерімен, бастауыш оқыту үдерісінің мақсат мен міндеттерімен және бастауыш мектепте жүргізілетін оқу қызмет түрлерімен таныстырды.
Осы іс-шара аясында студенттер Алматы қаласы, Алатау ауданың №185 жалпы білім беретін мектепке барып, мектептін ішкі өмірімен, әртүрлі технологиялық бағыттарда дайындалған және жабдықталған кабинеттермен танысты. Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың шынайы қарым-қатынасын көрді.
№185 ЖББМ мұғалімдерінің ұйымдастырған мастер-тренинг сабақтарына 1 курс «6В01304-Бастауыш білім беру көптілділікпен» білім беру бағдарламасының студенттері төмендегі кесте бойынша қатысты.
Сабаққа қатысу нәтижесінде студенттер бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы, мұғалімінің педагогикалық іс-әрекеті жайлы және педагогикалық іс-әрекеттін құрылымы туралы, бастауыш сынып оқу үдерісіндегі қоладнылатын құжаттар жайында ақпарат алды.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде №185 ЖББМ директоры Данагуль Кержикеева ұстаз жұмысының қыр-сыры туралы айтып, студенттерге сәттілік тіледі.
|