Main
News
25.04.2022 Болашақ мұғалімдердің республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды
2022 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «6В01300 - Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау» бағыты бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Бұл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық сайысы, оған еліміздің 18 жоғары оқу орнының үздік студенттері қатысты.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларын насихаттау, білім алушылардың кәсіби құзыретттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, ғылыми инновациялық әрекет әлеуетін ашуға жағдай жасау.
Бұл Олимпиада ерекшелігі, көрнекті педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсыновтың ұстанымдарына негізделген «Әліппе» еліміздің мектептеріне қайта оралу осы оқу жылының маңызды оқиғасы болды. Әліппе авторы Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлім жетекшісі, профессор А. Е. Жұмабаева.
Қатысушылар үш байқау бойынша сынға түсті: шығармашылық байқау - командалардың визит карточкасы. Теориялық байқау - тақырыптардың біріне негізделген аргументтік эссе: 1.«Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының рухани көсемі»; 2.«Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми еңбектерінің бастауыш білім берудегі маңызы»; 3.«Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдерінің өміршеңдігі»; 4.«Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» «Ахмет Байтұрсынов - Ұлт ұстазы» атты практикалық презентация - байқауы.
Қазылар алқасын А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары PhD докторы Маралбек Ермұхамет басқарды. Құрамына республиканың көрнекті ғалымдары мен мектеп директорлары кірді.
Конкурс нәтижелері бойынша бірінші дәрежелі дипломмен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен келген команда марапатталды. Жүлделі орын иегерлері дипломдар, мадақтамалар және кубоктар алды.
Барлық топ жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелеріне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
|