қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.05.2022

Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

 

Тарих және құқық институты Құқықтану кафедрасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтті. Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтану:сот-прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің қатысуымен «Татулық-достықтың киелі бесігі» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы мерекелік шара өткізді.


Мерекелік іс-шараның мақсаты - Қазақ елі қанатының астында қорған болып отырған 130-дан аса ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.


Мерекелік шараға Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев, институты директорының ғылыми істер бойынша орынбасары Мұхтар Мұратқазин, құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бақытқали Көшпенбетов және кафедра оқытушылары мен институт студенттері қатысып, топ кураторы Гакку Рахимованың жетекшілігімен дайындалған, «Құқықтану:сот-прокурорлық» білім беру бағдарламасының 101-топ студенттерінің концерттік бағдарламасын тамашалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=