қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.05.2022

Университет пен мектептің өзара әрекеттесуі екі жақтың да инновациялық даму факторы болып табылады

 


2022 жылдың 4 мамырында алғаш рет Алматы қаласының № 22 мектеп-гимназиясында Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының, профессор М.А.Абсатова,  доцент Р.Б.Абдрахманованың бірлескен күштерімен «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, мәселелер және перспективалар» атты ғалымдар мен мұғалімдердің Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Конференция Online-Ofline форматтарында өтті.

 

Конференция аясында «Оқушылардың жобалық жұмыстарының сайысы» және «Біртұтас педагогикалық үрдісте инновациялық әдістер мен формаларды жүзеге асыру: Постерлік баяндамалар сайысы ұйымдастырылды.

 

Құттықау сөздерімен конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Н.Билялов, «Білім-Инновация» Халықаралаық қоғамдық қорының Президенті Д.Өте, академилық сұрақтар бойынша департамент директоры, Жер туралы ғылым докторы, профессор Х.Н. Жанбеков, Абай атынд.ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д., педагогика және психология ББ жетекшісі Кошербаева А.Н., 22 мектеп-гимназия директоры А.Ж. Белбеуова.

 

Конференция жұмысында бес мемлекеттен ғалымдар пленарлық мәжілісте баяндама жасады: Қазақстан, Түркия, Ресей, Индонезия,Өзбекстан.

 

Аса үлкен қызығушылықты «Болашақ пен білім берудің мегатрендтері» тақырыбында М. В. Ломоносов атын.ММУ профессоры, ф.ғ.д. И.Г. Хангельдиеваның баяндамасы туғызды (Ресей).

 

Түркия мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және Гази университеттік мектеп тәжірибесімен Гази университетінің профессоры, доктор Мустафа Кале ой бөлісті (Түркия).

 

«Мердека» бітірушілер біліктілігін арттыру ерекшеліктерімен Universitas Negeri Yogyakarta профессоры, доктор Moch. Bruri Triyono бөлісті (Индонезия).

Сонымен қатар, пленарлық мәжілісте аса үлкен қызығушылық Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ профессоры, п.ғ.д. Г.К.Длимбетова, М.В. Ломоносов атын.ММУ доценті, псих.ғ.к. Е.А.Романова, М. В. Ломоносов атын.ММУ оқу бөлімінің басшысы В.А.Негрий, Ажинияз ат. НМПУ профессоры, п.ғ.д. У.Алеуов (Өзбекстан).

 

Конференцияға барлығы 70 баяндама түсті, соның ішінде 25 ғылыми мақала мектеп мұғалімдерінен.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=