қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.05.2022

«Жаңа Қазақстан - жарқын болашақ» дөңгелек стол

 

2022 жылғы 16 наурызда Президент Қ.К. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жария етті, онда жалпы елдің жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағыты белгіленді. Қоғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған.

 

Осыған орай, 2022 жылғы 12 мамырда Абай университетінде «Жаңа Қазақстан - жарқын болашақ» дөңгелек үстел өткізілді. Оны Басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаев ашты, модераторы Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры м.а Ділдәбек Дидарбек болды. Спикерлер: саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Мақсат Жақауов қатысты.

 

Спикерлер Қазақстан Республикасының Президентінің жаңа Жолдауының ерекшеліктеріне, әлемдік жағдайдағы өзгерістерге тоқталып, ұсынылған реформалардың тарихи және саяси мағыздылығын айтты. Жаңа Қазақстанды құруға еліміздің барлық азаматтары атсалысу керек екендігін айтты.

 

Дөңгелек үстел соңында жиналған университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=