қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.03.2017

2017 жылдың 16 наурызында университетімізге Гжельск мемлекеттік университетінің өкілі, еңбек сіңірген суретші Коршунова Ирина Викторовна келіп, өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушы және студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Гжельск мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық жұмыстары көптің назарына ұсынылып, гжельск көркем суреті бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Кездесу жылы достық жағдайында өтті. Университетіміздің студенттері мен оқытушылары ұсынылған жұмыстарға жігерленіп, ұстаздар мен студенттерге арналған Ресей жоо-дағы тағылымдамаға қызығушылық танытты.
Кездесу модераторы қызметін халықаралық ынтымақтастық басқармасы атқарды.