Main
News
24.05.2022 Польшадағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының үш жылдық жемісті жұмысы
2022 жылғы 23 мамырда Слупскідегі (Польша) Помор академиясының Неофилология кафедрасы жанындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында Орталықтың ашылғанына үшінші жыл толуына арналған кездесу өтті. Осы оқиғаға орай Польша университеті ғимаратының қасбетінде Орталық тақтайшасы пайда болды.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасының Гданьск қаласындағы Құрметті консулының ассистенті Йоанна Насыров ханым қатысты. Өз сөзінде ол Абай атындағы ҚазҰПУ мен Помор Академиясы арасындағы ынтымақтастық жемісті дамып, поляк және қазақстандық студенттердің мәдени және ғылыми байытуына қызмет ететінін атап өтті. Кездесуге Слупс қаласындағы Помор академиясының студенттер ісі жөніндегі проректоры, профессор Данута Герчиньска және филология ғылымдарының докторы, профессор Галина Нефагина, Орыс филологиясы бөлімінің меңгерушісі қатысты.
Бейнебайланыс арқылы шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісіСәуле Әбішева да қатысты. Қазіргі уақытта Польша ЖОО-да семестрлік оқуында жүрген кафедра студенттері Академия қонақтары, оқытушылары мен студенттері үшін дәстүрлі қазақ ақ дастарханы жайылды, сондай-ақ Қазақстан туралы, туған қалалары туралы және Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқу туралы әңгімелеп берді. Поляк студенттері қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Іс-шараны ұйымдастырушы орталықтың үйлестірушісі, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының түлегі, ал қазір - Помор академиясының оқытушысы, PhD докторы Максим Пономаренко болды.
|