қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
26.05.2022

Инклюзивті оқу-зерттеу зертханасы ашылды

 


 

Инклюзивті және арнайы білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, студенттерді оқыту, жаңа формацияның мектеп мұғалімдерін, құзыретті, тәжірибеге бағытталған педагогикалық кадрларын даярлауда зертханалық ресурстар мен жаңа технологияларды пайдалану салалық жоғары оқу орындары үшін маңызды.

 

Бұл бағытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да мақсатты бағдар­лама­лар жолға қойылған. Осы орайда университетте «Дара» қоры­ның қол­дауымен инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасы ашылды.

 

Іс-шараға республиканың ар­­­­найы және инклюзивті білім беру ­ұйым­дары, Педагогика және пси­хология институтының өкіл­дері қатысты. Университет ректоры Д.Біләлов ерекше балалар мен олардың отбасыларын қол­дау үшін инклюзивті білім беру­дің маңызын атап өтті. «Әр бала­ның физикалық, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, эмо­цио­налдық ерекшеліктеріне, жы­ны­сына және басқа да фактор­ларына қарамастан, білім алу мүм­кіндігі болуы керек. Мемле­кеттің міндеті - бұл үшін барлық қа­жетті жағдайларды жасау, педа­гогикалық жоғары оқу орын­дарының міндеті - ең алдымен, мектептерді ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­лар­ды оқытатын жоғары кәсі­би ма­ман­­дармен қамтамасыз ету. Жаңа зертхананың ашылуы бұл ба­ғыттағы жұмысты жандан­дырып, еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытуға өз ықпалын тигізеді», деді ол.

 

Осы іс-шараға ұйытқы болған «Да­ра» қорының жетекшісі Гүлнар До­саева инклюзивті бі­лім беру­ді дамыт­у басым бағыт еке­ніне тоқ­талып, «Біз мұға­лімдерге, оқу­шыларға және олар­дың ата-аналарына инклюзивті білім беру кеңістігін аша отырып, рес­­пуб­ликаның 50-ден астам мекте­бімен тығыз жұмыс істеп келеміз», деді.

 

Арнайы және жалпы білім бере­тін оқу орындарымен ынты­мақ­тас­­тықты дамыту, бола­шақ мұға­лім­дерді дуалды оқыту, соны­мен қатар балаларды диагнос­тикалық зерттеу және оңалтуды мақсат ететін орта­лық жұмысына оқытушыларды, сту­денттерді, магистранттарды, докто­ранттарды және практиктерді тар­ту жоспарлануда. Педагогика және пси­хология инс­титутының дирек­торы Ғалия Абаева сурдопедаго­гика, олиго­френопедагогика, тифло­педаго­гика, логопедия маманда­рын инклю­зивті білім беру зертха­насы­ның бағыттарымен және құрал-жабдықтармен таныстырып өтті.

 

Іс-шара барысында маман­дар ерекше білім беру қажеттілік­тері бар балаларды жалпы білім беру кеңіс­тігіне қосу, инклюзивті жобалық ойлау шарттары, жүзеге асыру кезең­дері мен әдістері, елі­мізді арнайы педагогикалық кадрлармен қам­тамасыз ету, Big Data технологиялары және оны білім беру саласында қолдану, спорт­тық, шығармашылық және тәрбиелік қолдау дағдыларын дамыту мәселесін талқылап, бірнеше маңызды салаға қатысты семинарлар өткізді.

 

 

26.05.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz