қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
01.06.2022

Президент бір топ ғылыми қызметкерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

 


 

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан және ғылыми қызметке айрықша еңбек сіңірген бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

 

Жарлықтың толық мәтінін ұсынамыз

 

* * *

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

 

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Жұрынов Мұрат

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті;

 

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Әбділдин Жабайхан

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі

Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі

Кішібеков Досмұхамед

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

 

«Парасат» орденімен

Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы

-

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Орталығының директоры

Блиев Назарбай

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі

Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы

-

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры

Күрскеев Әбдірахман Козлоевич

-

Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері

Пак Иван Тимофеевич

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі

Сманов Бақтияр Өрісбайұлы

-

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры

Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

 

«Құрмет» орденімен

Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы

-

«А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы

Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы

-

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

-

«Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры

Косов Владимир Николаевич

-

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

-

Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры

Медеу Ахметқал

-

«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы

Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы

-

«Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры

Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы

-

Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры

Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы

-

«С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі

Төлешов Амандық Қуатұлы

-

Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры;

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Дәулетов Асқар Ербұланұлы

-

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 мамыр

№ 904

 

1.06.2022 ж.

Ақпарат көзі: inform.kz