Main /
Mass media about us
06.06.2022 Педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобасы талқыланды
Семинар-кеңеске жоба авторлары - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, профессорлар Қорлан Жампейісова, Наталья Хан, Шолпан Колумбаева, сондай-ақ университеттің ғалым-педагогтары, Алматы қаласының білім беру қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Ректор өз баяндамасында жобаның негізгі ережелері мен педагогикалық білім беруді дамытудың басым бағыттарын ұсынды. Өз сөзінде Дархан Біләлов Тұжырымдама жобасы ҚР педагогикалық білім беру сапасын арттыру бойынша шараларды іске асыру аясында әзірленгенін және бұл құжаттың қазіргі қоғамның міндеттерін, озық халықаралық тәжірибені және білім берудің заманауи парадигмасын ескере отырып, Қазақстандағы педагогикалық білім беруді дамытудың тиімді жолдарын анықтаудағы ғылыми-практикалық маңыздылығын атап өтті.
Баяндамашыға және жобаны әзірлеуші авторларға болашақ педагогтарды кәсіби даярлау сапасы, педагогикалық ЖОО мен профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесінің өзара байланыс нысандары, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік және «Мектеп-ЖОО» жүйесінде дуальді оқытуды іске асыру, педагогикалық практиканың барлық түрлерінің мерзімдері мен мазмұны, білім алушыларды педагогикалық мамандыққа ынталандыру, сондай-ақ, педагогикалық мамандықтардың ББ-да зерттеу құрамдас бөлігі ұлттық контентті дамыту жөнінде қызу талқылау туғызған проблемалық сұрақтар қойылды.
Семинар-кеңеске қатысушыларды дәстүрлі құндылықтарды сақтау және жоғары оқу орнына дейінгі кәсіптік бағдар берудің инновациялық нысандарын «Педагог» мамандығына енгізу, жоғары педагогикалық білім беру деңгейіндегі даярлау модельдері - бүйірлік кіру, қолданбалы бакалавриат, Honors College (дарынды білім алушыларға арналған колледж) педагогикалық білім беру деңгейінде жүргізілетін инновациялар ерекше қызығушылық тудырды.
Талқылау барысында сөз сөйлеушілер аталған құжаттың ҚР педагогикалық білім беру жүйесінің сапасын арттырудағы инновациялық маңызы мен заманға сәйкестігін атап өтті.
06.06.2022 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz |