қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.09.2022

Оқу үшін жеңілдетілген несиеге қатысты ұстаздар пікір білдірді

 


 

Жастарды жоғары біліммен қамту, оқуға қолжетімділік - табысты мемлекеттің басты көрсеткіші. Осы салаға басымдық бере отырып, біз білімді, сауатты ұрпақты тәрбиелеп шығамыз. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов осындай пікірде. Биылғы Жолдауда Президент орта білімнің сапасын арттыруды да тапсырды. Абай университеті мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, педагогикалық кадрлар даярлауды жолға қойған. Сондықтан мемлекеттің осы салаға ден қоюы, оқу үшін жеңілдетілген несие ұсынуы - маңызды қадам дейді оқу орнының басшысы.

 

Дархан Біләлов, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ректоры:

 

Білім беру несиелерінің жүйесі бұрын болған. Бірақ үлкен нәтиже көрсеткен жоқ, өкінішке орай. Өйткені несиенің пайызы жоғары болды. Қазір 2-3 пайыз болсын, ол өте жеңіл әрі қолжетімді болады деп ойлаймын.

 

07.09.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaqstan.tv