Main
News
13.09.2022 Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам
Қазақстан халқына Жолдау бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдайға сәйкес келетіні атап өтілді.
Іс-шара барысында спикер Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты мәселелері департаментінің директоры Дидарбек Ділдәбек Жолдаудың бағыттарына тоқталып, жастарымыздың қоғамдық өмірге белсене араласуы маңызды екеніне тоқталды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, департамент директоры қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, біздің бүгінгі студенттеріміз - Қазақстанның жарқын болашағы екенін атап өтті.
|