қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.03.2017

Студенттер балалар үйіне қонаққа барды


2017 жылдың 24 наурызында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс студенттері ҚР ҰҚК шекара академиясының курсанттарымен бірлесе отырып № 1 Алматы балалар үйінде театрланырылған көрініс қойды.
Бағдарлама «Теремок» (үйшік) атты қуыршақ спектакльден, шығармашылық шеберлік сағатынан және музыкалық нөмірлерден құралды. Акцияның ұйымдастырған ҚР ҰҚК шекара академиясының майоры Загинайко Ольга Юрьевна мен Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Адибаева Шолпан Тимурқызы.
«Теремок» орыс халық ертегісі сол күні екі тілде айтылды. 24-30 наурыз аралығында «Орыс фольклоры» сабағы аясында балалар үйіне барған бірінші курс студенттеріне «халық ертегілерінің даналығы» тақырыбында эссе жазу тапсырылған болатын. 1 курс студенті Еңлік Нұржақып бұл ертегі туралы была деп жазыпты:
«Теремок ертегісінің басты мағынасы бір шаңырақ астында әртүрлі жануарлардың тату тәтті тұруы. Термоктың өзі бірлік, достық, махаббат, сыйластықтың символы. Сәбилер де балалар үйіне түрлі отбасынан түрлі себептермен келді. Қалай болса да олар достық қарым-қатынасқа бағытталған, бір-біріне ертегідей көмекке келуге дайын. Бәрінен де есте қалғаны қуыршақ аюдың үйді қиратып тастауы. Осы сәтте басқа кейіпкерлер мойымай күш-жігермен барлығы бірге тату-тәтті өмір сүретін жаңа үй салуға кірісуі. Ертегі балаларға бір шаңырақ астында достықта, бірлікте өмір сүруді үйретеді. Осындай ертегі арқылы балалар «мейірім», «достық», «үй» деген сөздердің мағынасын түсініп, шаңырақта әркімнің өз орны болатынын және жақсылық әрқашан қайтып келетінін санасына сіңіреді».