қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
13.09.2022

ҚазҰПУ жапондық алаштанушы ғалыммен кездесу өтті

 


 

Бүгін Абай университетінде жапон ғалымы Томохико Уямамен кездесу өтті. Басқосу ҚазҰПУ-дің серіктес университеттермен ғылыми байланысты нығайту мақсатында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен өткенін айта кетуіміз керек. Томохико Уямамен Хокайдо университетінің Славян орталығының ортаазиялық зерттеулер профессоры болып қызмет атқарады.

 

Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов, Тарих және құқық инстиуттының директоры Ғабит Кенжебаев және институт ғалымдары мен жас ізденушілері, білім алушылары қатысты.

 

Ғылыми жиында ғалым Томохико Уяма Жапония Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат тарихы мұрағатынанан Алаш Орда қозғалысына қатысты Р.Мәрсекеов жайында тың құжаттар және Қазақстан тарихына қатысты өзінің табанды зерттеулері туралы дәріс оқыды.

 

Дәріс барысында Жапон елінің ғалымы Т. Уяма 1919 жылы қаңтарда Жапония үкіметіне Алаш Орданы (Қазақ автономиялы үкіметін) тану және оған көмек көрсету туралы өтінішін, сондай-ақ Сыртқы саясат тарихы мұрағатынан алынған осыған байланысты құжаттар жайында баяндадама жасады.

 

Бұл құжаттарда Р. Мәрсеков та қазақтардың болашақта көршілес мұсылман халықтарымен бірге тәуелсіз мемлекет құруға деген ұмтылысын білдіріп, Алаш Орданың Париж бейбіт конференциясына өз өкілін жіберу жөніндегі жоспарлары туралы атап өтті.

 

Жиынға еліміздің алаштанушы ғалымдары - ҚР ҰҒА Академигі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан-хан Аққұлы қатысып Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, М.Шоқай туралы өз зерттеулеріндегі ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Жиын соңында қатысушы ғалымдар мен білім алушылардың сауалдарына жауап берілді. Бұл кездесу қазақ мемлекетілік тарихында айшықты орын алатын Алаш тарихы бойынша құнды дерек беретін талқылау болды.

 

13.09.2022 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz