Мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа үрдістер талқыланды
2022 жылдың 21 қазан күні Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Республикалық педагогикалық форум ұйымдастырылды.
Форумның мақсаты - мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзгерістерді талқылау, жаңа бағыттарды айқындау және балаларды тәрбиелеу мен оқыту үрдісін жаңа форматта ұйымдастырудың жолдарын анықтау. Осы мақсатты нәтижелі жүзеге асыру үшін форумға білім беру саласының әр деңгейінен мамандар спикер ретінде шақырылды.
Форум спикерлері: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Адамаова М.Е., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ "Менеджмент және инклюзивті білім беру" кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Маханбетова А.А., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Университеті «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Туребаева К.Ж., Абай атындағы ҚазҰПУ 8D01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-курс докторанты «Bilim-bolashaq» Республикалық оқу-әдістемелік орталығының басшысы п.ғ.м. Аувакир Б.А., М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.м. Назарова С.А., Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан» бөбекжай-бақшасының басшысы Смагулова Б.Б.
Форумның өзектілігі жөнінде Педагогика және психология институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары п.ғ.д., профессор Абастова М.А. және «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ. Қыяқбаева мектепке дейінгі білім беру саласын дамытудың, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін жаңа бағытқа бұрудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғады. Форум барысында мектепке дейінгі білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарында енген өзгерістер, жаңа талаптар және оларды іске асыру жолдары талқыланды.