қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.10.2022

 

Республика күні құтты болсын!

 

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

 

Сіздерді егемен Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің жеке мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының нышаны ретінде биылғы жылы Республика күні мемлекеттік мереке ретінде тойлануда.

 

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық ауқымда шексіз жауапкершілік жүгін жүктеді. Қазақстандықтар өздерінің бірлігі мен қажырлы еңбегімен уақыт сынынан өтті. Осындай маңызды тарихи істе еліміздің туы биік, болашағы баянды болсын.

 

Бірлік пен келісімді сақтау және нығайту оңай жұмыс емес. Бұл біздің еліміздің барлық азаматтарының даналығы мен әдептілігін, көрегендігі мен өзара сыйластығын талап етеді.

 

Осы салтанатты күні баршаңызға денсаулық пен амандық, бақыт пен еңбекте және оқуда табыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен көркейу жолындағы еңбектеріңіз барлық бастамаларыңызда табысты болсын!

 

 

Құрметпен,

ректор Дархан Біләлов