Main
News
04.11.2022 Шақырылған шетелдік лекторлар студенттерге дәріс өткізді
Дәріскерлер: биология ғылымдарының докторы, профессор Шахмурова Гүлнар; PhD, оқытушы Тутушкина Нина; аға оқытушы Аманов Равшан; Сафарова Насиба.
Профессор-оқытушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Химия және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Аманов Равшан «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс студенттеріне «Газ заңдары», «Химиялық кинетика», «Тотығу-тотықсыздану реакциялары», «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыптарында дәріс оқыды.
Шетелдік лекторлардың терең мазмұнды, қызықты деректерге толы дәрістері білім алушылардың қызығушылығын арттырды.
|