қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.11.2022

Абайдың өмірі мен шығармашылығы


2022 жылдың 4 қарашасы күні Тарих және құқық институтының 2 курс «6В01606-Тарих-география» орыс бөлімі мамандығы студенттерінің және топ здвайзері Гулнара Джайнакбаеваның ұйымдастыруымен, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет бере отырып, қара сөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек және ғылымның адам өміріндегі алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу мақсатында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа институт директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Ұйымдастырушы топ студенттері Дана Айсарова, Ерұлан Әли, Дастан Сәбитов, Азамат Досыбаев, Джабраил Сейд-Оглы, Альмира Мусалиева, Василий Ким, Дания Тоқтарова, Карим Юлдашов, Адилжан Мухаметов ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтар жасап, жеке-жеке қорғап шықты. Сонымен қатар, Абай өлеңдерінің, қара сөздері мен жалпы шығармаларының мән-мағынасын студенттер аша білді.


Көптеген сұрақтар қойылып, студенттер өз ойларымен бөлісті. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!

 

  alt=