қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.11.2022

Шахмат-2022


2022 жылдың 12 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениеті және спорт институты дене шынықтыру және спорт кафедрасы студенттер арасында шахматтан жарыс өткізді.


Жарыстың мақсаты - студент жастар арасында шахмат ойынын дамыту және насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорттық студенттер лигасына қатысу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасына университет студенттерін іріктеу болды. Жарысқа Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Т. Б. Ысқақов, кафедра меңгерушісі Р.С. Көкебаева, профессор Е.М. Мухиддинов қатысты.


Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Математика, физика және информатика институтының командасы, 2-ші орынды Жаратылыстану және география институтының командасы, 3-ші орынды Филология және көптілді білім беру институтының студенттері иеленді. Жеңімпаздар мен студенттер грамоталармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=