қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.11.2022

Бітіруші бакалавриат, магистрант және докторанттардың міндетті үш жылдық өтемі

 

2022 жылғы 14 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Міндетті үшжылдық еңбек өтемі» тақырыбында 4 курс бакалавриаттар, 2 курс магистранттар мен 3 курс докторантура білім алушыларының «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаменті директорының орынбасары Серікқали Ақзирамен кездесуі өтті. Кездесуге университетімізден 1100 бітіруші түлек қатысты.

 

Кездесуде «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаменті директорының орынбасары Серікқали Ақзира 2012 жылғы №390 Қаулысына түсіндіру жұмысын жүргізді. Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттер үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті.

 

Студенттер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы №390 Қаулысына байланысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік грант өтемінен қандай жағдайда босатылатыны жайлы ақпарат алды.

 

Университетіміздің түлектеріне түсіндіру жұмысын жүргізген «Қаржы орталығы» АҚ-на және Ақзира Серікқалиқызына алғыс білдіреміз!

 

  alt=  

 

  alt=