қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.11.2022

Педагогика және психология институтының жас зерттеушілерінің кездесуі өтті

 

2022 жылдың 18 қарашасында Педагогика және психология институтының жас зерттеушілерінің кездесуі өтті.


Жас зерттеушілер клубының мақсаты білім алушылардың оқыту, тәрбие және ғылыми үрдісте олардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдайлар жасап, ғылыми шығармашылығын дамыту болды.


Кездесу барысында студент, магистрант, докторанттар профессор М.Абсатованың «Зерттеу жұмысының түрлері және ғылыми зерттеуді жүргізу кезеңдері» тақырыбындағы баяндамасын тыңдады. Жас зерттеушілер learningapps онлайн ресурсында зерттеу жұмысының кезеңдері бойынша дұрыс реттілікте кезеңдерді орналастырып, тапсырманы орындады.


Аға оқытушы Н.Бегалиева қатысушылардың зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылығын оятуға баяғытталған психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында топтағы өзара әрекеттесуді нығайтуға,коммуникацияны күшейтуге, ішкі танымдық әлеуетін мен шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған жаттығулар орындалды.


Кездесу соңында қатысушылар google.com/forms онлайн ресурсы негізінде кері байланыс беруге тырысты, сонымен қатар болашақ зерттеу бағыты мен мәселесін айқындауға мүмкіндік берілді.


Жас зерттеушілердің жоспарында мини және жобалық зерттеулер жүргізу.

 

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=