қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.11.2022

Қ.Қалиұлының «Бабалар аманаты» жеке көрмесі мен кітабының тұсаукесері өтті


2022 жылы 22 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» өнер галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші, ұстаз Қанағат Кодековтің «Бабалар аманаты» жеке көрмесі ашылды.


Көрменің басты мақсаты - өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында республикалық және халықаралық бағытта еңбектерін дәріптеп жүрген ұстаздың бейнелеу өнерінің бірнеше жанырындағы ұлттық тәрбиеге негізделген туындыларын дәріптеу, еліміздің әр түпкірінде шығармашылықпен айналысқан ұстаздардың еңбектері жиналған авторлық кітаптарды ұсыну.


Көрме ашылуында Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов құттықтау сөз сөйлеп, көрме иесіне шығармашылық табыс тіледі. Көрменің ашылу салтанатына Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмуханбетов, одан кейін осы саланың ардагерлерімен арнайы шақырылған меймандар қатысып, ізгі ниеттерін білдірді.

 

«Дизайн» кафедрасының профессоры Раушан Канапьянова мен «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы Болатбек Нұрбатыровтың ұйымдастыруымен іс-шара өз деңгейінде өтті.

 

  alt=