қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.11.2022

Шетелдік студенттердің өндірістік тәжірибесі туралы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы мен «Мансап» орталығының шешімдерін жүзеге асыру мақсатында «6В01711- Орыс тілі шет тілі ретінде» мамандығының 4 курсының шетелдік студенттері Алматы қаласындағы «Зердеш» зияткерлік мектебінің негізінде тағылымдамадан өтті.


Шетелдік студенттердің тәжірибесін мектеп директоры М.М. Сагимбекова, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.С.Нүсіпбекова, сынып жетекшісі Г.С.Амантаева үйлестіріп, тәжірибені мұғалімнің күнделікті кәсіби қызметіне жақын нақты мектеп жағдайында өтуін қамтамасыз етті. Шетелдік студенттердің тәжірибесі келесі бағыттарды қамтыды:


- әдістемелік жұмыс - күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақты жоспарлау, қашықтықтан «Күнделік», жиынтық бағалау және т.б.;


- сынып жетекшісінің жұмысы - тәрбие жұмысының жоспары, сыныптан тыс жұмыстарға қатысу, оқушылар тобының психологиялық-педагогикалық зерттеуін жүзеге асыру және т.б.


Ынтымақтастық негізінде сынақтан өткен шетелдік студенттер мен мектеп оқушылары арасында ізгілікті педагогикалық байланыс орнатылды.

 

  alt=  

 

  alt=