қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.11.2022

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге арналған III университетаралық студенттік ғылыми конференция


2022 жылдың 23-24 қараша күндері Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессорыЖұлдыз Қабаева үшінші университетаралық конференция вебинарын өткізді. Конференция тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың негіздерін философиялық тұрғыдан түсіну». Конференция модераторы кафедра докторанты Ғ.Мәлік болды.


Конференция барысында Қазақстандағы әртүрлі жоғары оқу орындарындағы студенттер мен магистранттар өздерін қызықтырған тақырыптар аясында мәселе қозғап, философия іліміне қызығушылар аудиториясына өз баяндамаларын ұсынды.

 

Іс-шараға қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медициналық мемлекеттік университеті, Тұран университеті және т. б.. 19 баяндама тыңдалды. 4 философия оқытушысы бар қазылар алқасы орын бөлді. Үздік спикерлер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара нәтижесінде 1-ші орынды Давлетчарова Сымбат алды («Клиптік ойлау және одан қалай пайда алуға болады», Тұран университеті).

 

Конференцияға 40-тан аса студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Іс-шара соңында қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған баяндамашыларға қаржылай ұсынылатын сыйлықтарымен құттықтады.

 

  alt=  

 

  alt=