Main
News
30.11.2022 Ұлттың ұлы ұстазы
2022 жылдың 27-28 қараша күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
1. Ахмет Байтұрсынұлы - ұлы тұлға және ұлт мұрасы; 2. А.Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы: өткені мен бүгіні; 3. Заманауи білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары; 4. Ұлттық құндылықтар: оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бағыттары бойынша өтті.
1. «Егемен Қазақстан» РГ Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Диқан Қамзабекұлы «Ұлт ағартушылығы және Ахмет Байтұрсынұлы»; 2. А. Байтұрсынұлы музей - үйінің жетекшісі, ахметтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Райхан Имахамбет «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі мен зерделенуі»; 3. Гиресун университетінің Ағылшын және әдебиет бөлімі профессоры, PhD Веди Ашкарұлу (Гиресун қаласы, Түркия) «Ахмет Байтұрсынұлы - зиялы, өнертанушы және мемлекет қайраткері ретінде»; 4. Ферғана мемлекеттік университетінің Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі, PhD Солиев Илхом Собирович «Өзбекстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктері»; 5. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұбай Орынай «Бүгінгі жаңа парадигмалардың Байтұрсынұлы еңбектеріндегі көрінісі»; 6. Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл «Естеліктердегі Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасы»; 7. Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Даулетбекова Жанат Турарбековна «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі оқытудың іргелі теориялары»; 8. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін; 9. Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ресей) профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Воронина Людмила Валентиновна «Цифрлық қоғам жағдайындағы заманауи білім»; 10. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Жұмабаева Әзия Елеупановна «А.Байтұрсынұлы «Әліппелерінің өміршеңдігі»» тақырыптарындағы тағылымды баяндамалар тыңдалып, А. Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне қатысты тың мағлұматтармен және танымды ой-пікірлерімен бөлісіп, конференция қонақтары мен қатысушыларының ыстық ықыласына бөленді.
|