қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.12.2022

«Жеке мектепті қалай ашуға болады?» тренингі

 

2022 жылдың 30 қарашасында «Дарын» инновациялық мектебінің негізін қалаушы, мектеп директоры Гүлжанар Енкебаева Абай университетінің Honors College қосымша білім беру жобасына қатысушы 100 студентке тренинг өткізді. Тренинг офлайн және онлайн форматтарда өтті.


Тренинг тақырыбы - «Жеке мектепті қалай ашуға болады?».Тренинг барысында мектепті ашу, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, мектеп миссиясы, IB бағдарламасы, оқу бөлімі, мұғалімнің тұрақты дамуы, мектепте сабақ өткізу әдістері мақсатында жаңа технологиялар таныстырылды.

 

Сабақ студенттерді тренинг сұрақтарымен таныстырудан басталды. Енкебаева Гүлжанар Жұмахановна өзінің шетелдегі тәжірибесімен бөлісті. Тренинг соңында белсенді екі студенттке кітабын сыйға тартты.

 

  alt=  

 

  alt=