қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.12.2022

Абай университетінің профессоры Өзбекстанда дәріс өткізді

 

Халықаралық ынтымақтастық аясында шақырылған оқытушылар бағдарламасы бойынша 2022 жылғы 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Абсатова М.А. Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтында (Өзбекстан) дәрістер топтамасын оқыды.


«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері», «Білім берудегі инновациялық үрдістер» курстары «Педагогика және психология», «Педагогика теориясы мен тарихы» мамандығының магистранттарына оқылды. Аталмыш мамандықтың бакалавриат студенттеріне «Оқытудың интербелсенді әдістері», «Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі цифрлық ресурстар» курстары оқылды. Кездесулер заманауи цифрлық платформалар, ресурстарды және оқытудың интербелсенді әдістерін пайдалану арқылы интербелсенді режимде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=