Main
News
09.12.2022 Педагогика және психология институты докторанттарының ғылыми семинары
2022 жылдың 8 желтоқсанында Педагогика және психология институты докторанттарының ғылыми семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты - докторанттардың ғылыми пікірталас жүргізе алуын, зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша дұрыс баяндау дағдыларын, олардың ғылыми зерттеу әдістемесі саласындағы білімдері мен дағдыларын дамыту.
Семинарда «8D01101 - Болашақ педагог-психологтардың кәсіби ұтқырлығын дамытудың теориялық негіздері» тақырыбында «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс докторанты Қ.Е.Ағыбайдың; «Жасөспірімдердің психикалық дамуының тежелуінің алдын алу және преносологиялық диагностиканың педагогикалық негіздері» тақырыбында «8D01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығының 2 курс докторанты Р.Д. Пономареваның; «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды полиграфия саласындағы жұмысқа бейіндік даярлаудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары» тақырыбында «8D01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығының 2 курс докторанты Е.Д. Калиниченконың баяндамалары тындалды.
|