қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
13.12.2022

Шетелдік ғалыммен кездесу


2022 жылдың 8-9 желтоқсанында Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Түркия Республикасының Хаджетеппе университетінің (Hacettepe University) профессоры Өзкюл Чобаноғлұмен кездесу өткізді.


Кездесу барысында ғылым саласындағы әртүрлі өзекті тақырыптар аясында пікір алмасу өтті. Қазақ мәдениеті, өзбек мәдениеті, ұйғыр мәдениетін айта келе тіл болмаса ұлттың қалыптасуы мүмкін еместігіне тоқталды. Тағылымды кездесу шарасына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар және докторанттар ықыласпен қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=