қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.12.2022

Болашақ әлеуметтік педагогтар өндірістік практикада

 

Қазіргі таңда өскелең ұрпақты қоғамның талаптарына сай етіп тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуін, қоғамда өз орындарын табуға дұрыс бағытталуын, құқықтарының қорғалуын, зорлық-зомбылыққа ұшырамауын қадағалауды бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастырады. Болашақ әлеуметтік педагогтар теориялық білімдерін шыңдап, тәжірибеде жалғастыруда.


«6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім бағдарламасының 4-ші курс студенттері 2022 жылдың 31 қазанынан бастап Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия, №173 мектеп-лицей, №117 жалпы білім беретін мектептерден өндірістік (педагогикалық) тәжірибеден өтуде. Өндірістік практика жетекшілері мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары профессор Халитова Исламия, қауымдастырылған профессор м.а. Булшекбаева Асем, Гүлбахира Ширинбаева, оқытушылар Алимбекова Анар, Ахметова Айгүл.


Студенттер өндірістік практикада әлеуметтік педагог ретінде белсенді педагогикалық практикадан өтіп, әлеуметтік-педагогикалық қызмет үдерісінде кәсіби дағдылар мен біліктерін жетілдіруде.

 

  alt=  

 

  alt=