қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.12.2022

Аудармашы-студентер халықаралық байқауда 2-ші орынды иеленді


2022 жылғы 20 желтоқсанда Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде «Artificial intelligence is a step towards development or a threat to the future» (Жасанды интеллект - дамуға қадам немесе болашаққа қауіп) тақырыбында студенттердің халықаралық онлайн-дебат сайысының қорытындысы шығарылып, дипломдар табыс етілді.

 

Пікірсайысқа Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Армения мемлекеттік экономика университеті және т.б. жоғары оқу орындардың 1-3 курс студенттері қатысты.


Абай университетінің командасы Филология институты «Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері Айша Байгаскина, Айым Бақытқызы, Динара Катренова, Жансая Нұрманқызы (жетекшілері: профессор Жұмабекова А.К., Ислямова Ұ.А.) 2-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

 

  alt=