Халықаралық байқауда аудармашы студенттер 2-орын иеленді
Г.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде «Artificial intelligence is a step towards development or a threat to the future» (Жасанды интеллект - дамуға қадам немесе болашаққа қауіп) тақырыбында студенттердің халықаралық онлайн-дебат сайысының қорытындысы шығарылып, дипломдар табыс етілді.
Пікірсайысқа Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Армения мемлекеттік экономика университеті және т.б. жоғары оқу орындардың 1-3-курс студенттері қатысты.
Абай университетінің командасы Филология институты «Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері Айша Байгаскина, Айым Бақытқызы, Динара Катренова, Жансая Нұрманқызы (жетекшілері: профессор А.К.Жұмабекова, Ұ.А.Ислямова) 2-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
20.12.2022 ж.
Ақпарат көзі: aikyn.kz