қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.12.2022

Педпрактика: студенттер оқу барысында алған білімдерін дәлелдейді


2022 жылдың 7 қараша - 28 желтоқсан аралығында Жаратылыстану және география институты география және экология кафедрасының доценті С.Қасеновтің жетекшілігімен «6В01515 - География» білім беру бағдарламасы 4-ші курс студенттерінің педагогикалық практикасы өтті. Студенттер педагогикалық практикаға шығар алдында Жаратылыстану және география институты бойынша ұйымдастыру-нұсқау конференциясы өткізіліп, практикант-студенттерге практиканың мақсат-міндеттері түсіндірілді.


Нұсқау конференция педагогикалық практика базасы ретінде бекітілген Алматы қаласы Білім беру басқармасына қарасты №58 жалпы білім беретін мектебі базасында да өтті. Ұйымдастыру-нұсқау конференция барысында студенттер мектеп әкімшілігімен және мектептің ішкі тәртібі ережесімен танысты.


Мектептегі пән кабинетінің материалдық базасы заманауи талапқа сай құралдармен жабдықталған. Күнделікті сабаққа дайындық барысында студенттерге география пәні мұғалімі О. Таңатарова тарапынан тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсетілді.


Барлық студенттер практика барысында түрлі әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технология, платформаларды кеңінен қолдана отырып, ашық сабақ берді және оны YouTube арнасына жүктеді.


Мектептің бітіруші 11-ші сынып оқушыларын ҰБТ тапсырмаларын орындауға, 7,8,9,10 сыныптың күнделікті сабақ үлгерімі төмен оқушыларына қосымша сабақтар ұйымдастырды, сондай-ақ географияның жаңартылған мазмұндағы білім бағдарламасы негізінде ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ жазуды меңгерді.


Сондай-ақ №178 лицейде өткен қалалық көрмеге де өз экспоненттерін көпшілік назарына ұсынды. Дидактикалық көрмені ұйымдастырып, өткізуде Азат Шыңғысбекұлы, Диас Жұмағали, Аружан Ақсерік, Аружан Жұматай сияқты студенттер ерекше белсенділік танытты. Студенттер педагогикалық практика барысында сабақ берумен қатар, өздеріне бекітілген сыныпқа жетекшілік те жасады. Сынып жетекшісі ретінде әр аптаның сейсенбісі күні тәрбие сағаттарын өткізді. Жалпы мектеп ішілік «Жол қауіпсіздігі - өмір сақтығы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, оқушыларға жолда жүру ережелері туралы ақпарат беріліп, интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.


Педагогикалық практиканың жалпы қорытындысы студенттердің қатысуымен талқыланып, шығарылды. Педагогикалық практика барысында Аружан Ақсерік, Азат Шыңғысбекұлы, Диас Жұмағали, Аружан Жұматай, Аида Сұлтанбекқызы, Уркен Алдабергенов сияқты студенттер университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде дәлелдеп, ерекше белсенділік танытты.

 

  alt=