Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
2023 жылдың 13 қаңтарында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ұйымдастыруымен аралас форматта (онлайн және оффлайн) педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.Нұғымановтың 95 жылдығына арналған «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары» тақырыбында Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты - мектеп-университет ынтымақтастығын нығайту, оқушылардың білім сапасын арттыруда мектеп пен ЖОО арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелерін, ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдерін мен тиімді жолдарын, оқушыларды ғылыми жобаға дайындауға баулу ерекшеліктерін қарастырып, мектептің педагогикалық тәжірибесін ЖОО-ның оқыту тәжірибесіне ендіруді талқылау.
Семинарға Астана медициналық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, И.Н.Нұғымановтың ұл-қыздары мен шәкірттері, Алматы қаласы мен республиканың мектеп мұғалімдері, Абай университетінің түлектері және химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.