қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.01.2023

«Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» халықаралық симпозиумі

 

2023 жылдың 14 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXVІІІ халықаралық симпозиумнің Жетінші Қазақстан жастар секциясы өткізілді. Іс-шара Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі қолдауымен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы Сауле Исалиеваның, Ресей білім академиясы Психологиялық институтының аға ғылым қызметкері Татьяна Попованың (Мәскеу қ.) ұйымдастыруымен өтті.


Қазылар алқасы жұмысына Ирина Манина (Мәскеу психоанализ институты), Людмила Гитихмаева (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті), Кристина Власова (И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі) қатысты.


Симпозиумнің техникалық модераторлары - Екатерина Мамедова, Вероника Найденова, Аяжан Нұржанқызы, И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушылары.


Симпозиум жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық өнер академиясы, академик А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, М.Қозыбаев атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Муками атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан), Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар ққ. мектеп, гимназия, лицей және колледж оқушылары қатысты.


Оқушылар мен студенттер номинациялары бойынша симпозиум жеңімпаздары мен лауреаттары:


Бірінші дәрежелі диплом - Сабина Сабитова (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Вероника Найденова (Алматы қ. И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі).


Екінші дәрежелі диплом - Екатерина Мамедова (Алматы қ. И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі), Арман Рузанов (Алматы қ. № 96 жалпы білім беретін мектеп), Яна Старикова (Алматы қ. № 96 жалпы білім беретін мектеп), Диана Сисенбай (Алматы мемлекеттік политехникалық колледж).


Үшінші дәрежелі диплом - Ирина Просандеева (Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті), Снежана Ким (Алматы мемлекеттік политехникалық колледж), Карина Степанова (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы Шетел тілдері педагогикалық колледж), Рамина Масимова (Алматы қ. № 49 жалпы білім беретін мектеп), Юлия Сысолятина (Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы Шетел тілдері педагогикалық колледж).


Интерактивті топтық жұмыс үшін қатысушылар бірінші немесе үшінші дәрежелі атаулы командалық дипломдар алды.

 

  alt=  

 

  alt=