қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.04.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ОҚО « Кәсіби бағдар беру» форумы 17.04. - 22.04.2017жыл

 

         Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

           Топ жетекшісі аға оқытушы Е.Бірталаев басқарған топ мүшелері: Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жангушов Бауыржан, Филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов, Абай атындағы «Кәсіби бағдар беру» форумының мүшесі,Баспасөз орталығы,фотокореспондент С.Иманқұлов, Алматы қаласынан 1000 шақырымдай жерде орналасқан, ОҚО-на үлкен қашықтыққа қарамай, болашақ тағдырын ойлаған Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының тапсырмасымен университтет ұсаздары мектеп бітіруші түлектерге « Кәсіби бағдар беру» үшін 17.04. - 22.04.2017жыл аралығында ОҚО-да жолсапарда болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың « Кәсіби бағдар беру» форумы:

 

17.04.2017 жылы Ордабасы ауданы Темірлан кентінде 14:00-де, 18.04.2017 жылы Арыс ауданы , Арыс қаласында14:00-де ,

 

19.04.2017 жылы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында14:00-де. 20.04.2017 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт кентінде14:00-де,

 

21.04.2017 жылыСайрам ауданы, Ақсу кентінде14:00-де,  22.04.2017 жылы Түлкібас ауданы , Т.Рысқұлов кентінде 14:00-де,

болып, 3400-дей мектеп бітушілерімен және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. ОҚО жұртты форум мүшелерін жақсы қарсы алып, ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытты.

 

        Бүгінгі таңда білім саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Оның мән-жайын талқылап түсіндіру әрі Елбасы Жолдауында міндеттелген бірқатар мәселені саралап, нақтылау мақсатында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі. Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Осы мақсатта , Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2015 жылдан бері « Кәсіби бағдар беру» форумы құрылған болатын. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж.Піралиевтің арнайы тапсырмасымен талантты жастарды іздеу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы басқаруымен 2015 жылы құрылған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Кәсіби бағдар беру форумы» өз жемісін беріп те үлгерді.
      ОҚО -ның тулектермен және олардың ата -аналарымен пікір алмасып,  2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу /КТ жүйесінегі жаңалықтар:
1 блок- 3 міндетті пән:
• Математикалық сауаттылық (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
• Оқу сауаттылығы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
• Қазақстан тарихы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
2 блок екі бейіндік пән бойынша ( таңдаған мамандығына байланысты ) әр пәнде 30 тапсырма (20 тапсырмасы,бір дұрыс жауаптан, 10 тапсырмасы бірнеше дұрыс жауаптан тұрады);
Жоғары балл:140
Шекті деңгей:50 /55 балл
Педагогикалық тест:
       және тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ -дың тарихы және материалдық-техникалық базасымен , ондағы заман сұранысындағы мамандықтар туралы, университет ректорының арнайы үздік оқитын жастарға бөлінетін гранттарымен, әлеуметтік жеңілдіктермен таныстырылды.
      Мектеп бітірушілер мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Сөз соңында мектеп ұжымы және ата-аналар, білімгерлер алғыстарын айта отырып, осындай іс-шараның қажеттігі мамандық таңдауда үлесі зор екендігін айта отырып, жыл сайын осындай іс-шараның өтілуіне сұраныс жасады. Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алсақ деген ниеттерін айтып, форумды ұйымдастырған университтет ректорына өз алғыстарын айтты. Форум мүшелеріде ОҚО облыстық білім беру басқармасының бастығының қызметін атқарушы Бурханов Ержан Мырзаханұлы бастаған аудан орталығындағы барлық аудандық білім беру департаменттерінің басшыларына өз алғыстарымызды айттық.
       Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

 

 

 

 

 


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы
Абай атындағы ҚазҰПУ « Кәсіби бағдар беру» форумының мүшесі, филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов