қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.01.2023

Спартакиада-2023


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 қаңтарда профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында «Спартакиада-2023» спартакиадасы басталды. Шараны Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ашып, барлық қатысушы командаларға сәттілік тіледі.


Жыл сайынғы дәстүрлі спорттық іс-шара салауатты өмір салтын, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуды қамтамасыз ету үшін қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамның жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.


Спорт кешенінде 8 команда спорттың 5 түрінен жарысады: волейбол, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, спорттық эстафета.


Үш күнге созылған спартакиада қорытындысы бойынша спорт түрінен жүлделі орын алған командалар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын - 500 000 теңге; II орын - 350 000 теңге; ІІІ орын - 250 000 теңге. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша - 15 000 теңге.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=