қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.01.2023

«SCOPUS, ККСОН журналдарына мақала жариялау талаптары» ғылыми семинары

 

Биылғы оқу жылының басынан Абай университеті Педагогика және психология институтында арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаеваның бастамасымен «Жас ғалым» клубы жұмыс жасауда, клуб жетекшісі - Г.Ж.Ержанова.

 

2023 жылғы 27 қаңтарда Педагогика және психология институтының «8D019-Арнайы педагогика» мамандығының 1-ші курс докторанттары «Жас ғалымдар» клубының жұмысы аясында «SCOPUS, ККСОН журналдарына мақала жариялау талаптары» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинарға Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамы мен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Арнайы педагогика» мамандықтарының жоғарғы курс студенттері мен магистранттары, докторанттары (оффлайн және онлайн) қатысты.


Ғылыми семинардың негізгі спикері - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Академиялық жазылым» оқулығының авторы Еділбай Оспанов білім алушыларға SCOPUS, ККСОН журналдарына мақала дайындаудағы негізгі мәселелерді айта отырып, шетелдік тәжірибемен таныстырды, отандық авторларда туындайтын қиындықтарға көрнекі түрде, нақты мысалдармен көрсетті.


Жас ғалымдар ретінде «Арнайы педагогика» мамандығының 1-ші курс докторанттары жас ізденуші ғалымдарға ғылыми мақалаларды жоғары рейтингті журналдарда және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті басылымдарында олардың талаптарымен ғылыми мақалалар жариялаудың маңыздылығы туралы айтылды. 1 курс докторанттары Э. Мукажанова, З. Жусупбекова «Хабаршы» журналдарына мақала жариялау шарттары мен талаптарын түсіндірді. Ал А.Ермағамбет ғылыми мақала жазудың этикасы мен өзіндік ерекшелігіне тоқталды.

 

Ғылыми семинар соңында клуб мүшелері мен қатысушылары өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талданды.

 

  alt=  

 

  alt=